Пхукеттегі туристерге алда келе жатқан қауіп туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Таиландтың басты курорттық аралы Пхукетте демалып жатқан туристерге ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жарияланды. Таиландтың метеорологиялық департаментінің өкілдері алдағы бір апта бойы нөсер жауын мен найзағай ойнайтыны туралы және бұл жайсыз ауа райы осы аймақтың 70 пайызын қамтитынын мәлімдеген, - деп хабарлайды Phuketnews.

Иконка комментария блок соц сети

Ведомствоның Пхукет әуежайында орналасқан Оңтүстік метеорологиялық орталығының филиалы тропикалық нөсер жауын Пхукет, Пханг Нга және Краби аралдарын қамтитынын мәлімдейді. Желдің ықпалы сағатына 15-30 шақырым болады. Бұл уақытта негізінен жел солтүстік-шығыстан соғады, алайда синоптиктердің айтуынша, оңтүстік-батыс муссонның солтүстік-шығысқа ауысатынына байланысты желдің бағыты өзгеруі мүмкін. Нөсер жауын 12 қарашаға дейін жауатыны айтылады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жағажайда қызыл жалау ілінеді, бұл дегеніміз осы аймақта шомылу қауіпті екенінінің белгісі. Желдің салдарынан толқын соғып, биіктігі бір метрге дейін жетеді, ал найзағай тұрған жағдайда оданда биіктеуі мүмкін. Сол себепті жағажайда текс сары-қызыл жалау ілінген жағдайда суға шомылуға болады, онда құтқарушылар күзетеді деген сөз.

Анықтама: Негізі қараша айында Пхукетте ауа райы ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +28 градус, теңіз суы өте жылы. Алайда осы айда жауын-шашын көп түседі, соған қарамастан күннің көзін көруге де болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная