Пхукеттегі туристер үшін ең қауіпті орындар аталды

Таиландтың туристік полиция бюросының офицері Пхукеттегі ең қауіпті демалыс орындарын атады. Бұл туралы The Tiger газеті жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Біз бейнебақылау жоқ, сондай-ақ оқшау және елді мекендерден алыс орналасқан көрнекті алты орынның келушілер үшін аса қауіпті екенін анықтадық", - деді офицер басылымға.

Тізімде бірінші болып Пру Май Хао орманы тұр. Ол аралдың солтүстігінде, ұзындығы он шақырымға жуық шөлді жағажайдың жанында орналасқан. Сондай-ақ, полиция қызметкері қаңырап бос тұрған Клонг Мудонг орманын атап өтті. Туристерге бұл жерлерге жалғыз бармауға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, Банан, Найден жағажайлары, Банг Тао тауы мен Ван Хи Он, Ао Йон сарқырамалары саяхатшылар үшін қауіпті деп аталды.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің айтуынша, Пхукетке келген ел тұрғындары енді өздерінің Тай сәйкестендіру картасымен арнайы қосымшада тіркеліп, қылмыстардың деректер базасындағы жеке деректерін тексеруі керек.

"Полиция gophuket қосымшасын провинцияға кіргісі келетіндер үшін міндетті тіркеу алаңы ретінде пайдалануға дайындалып жатыр", - деді ол. 

Сондай-ақ, офицер бұл шаралар қылмыстық тәжірибесі бар адамдардың туристік аймаққа кіруіне жол бермеу үшін қабылданғанын атап өтті.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!