Грекиялық турист тай полициясының жұмысына шағымданды. Таиландтағы БАҚ-тың мәліметінше, турист Катада жалға алынған көліктен 4900 еуро (шамамен 182'400 бат) ұрланғанын айтқан, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom басылымына сілтеме жасап.
Бұл жағдай 26 қаңтарда болды, бірақ полиция ешқандай шара қабылдамай отыр. Туристің өзі ұрланған ақшасын қайтарған адамға 1000 еуро сыйақы ұсынды.
"Полиция бөлімшесінің офицерлері маған екі рет келді, бірақ олармен сөйлесу өте қиын. Оның үстіне, олардың ешқайсы ағылшын тілінде сөйлемейді", - деді жәбірленуші.
Зардап шеккен турист Александрос Алексиадистің айтуынша, ақша жалға алынған көліктен ұрланған. Ол оны үйдің жанындағы тұраққа қойған. Турист мұндай жағдай болатынына күдіктенбей, ақшасын сейфке салмаған. Сондай-ақ, камерадағы видеоны оған көрсетуден бас тартқан.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!