Пхукет тұрғындары бұрын-соңды болмаған оқиғаға куә болды

Жаңа жыл қарсаңында Пхукет (Таиланд) тұрғындары сирек кездесетін құбылысты байқады: үлкен теңіз тасбақасы Ката жағажайына жұмыртқалауға келген. Мұндай оқиға мұнда бұрын-соңды 20 жылда бірінші рет болып тұр, - деп хабарлайды i-thai.ru порталы.

Оқиға орнына келген Теңіз және жағалау ресурстары департаментінің қызметкерлері оның сауытының ұзындығы 150 сантиметр, ені 119 сантиметр, салмағы 300 келі болғанын анықтады.

"Менің есімде қалғандай, тасбақалар Ката мен Карон жағажайларына жұмыртқаларын соңғы рет ондаған жылдар бұрын салған", - дейді Карон әкімінің орынбасары Иттипорн Сангкэу.

Тасбақа 1 қаңтарда таңғы сағат бесте теңізге оралды. Осыдан кейін мамандар оның ұясын тексеріп, одан 60-қа жуық жұмыртқа тапты. Ол жерді жауып, ұядағы температураны бақылау үшін термометр орнатылды. The Phuket news сайтының хабарлауынша, тасбақаның келуін осы уақытқа дейін жергілікті тұрғындар бақылып, смартфонға түсіріп отырған.

Полиция қызметкерлеріне құнды табиғи орынды күзету және жағажай қонақтары оған зиян тигізбеуін қамтамасыз ету тапсырылды.