Жер-жаһан 18 шілде 2024 | 14:00

Парижде Олимпиада ойындарына әскери лагерь құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com / frlegros Фото:depositphotos.com / frlegros

Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті мыңдаған француз сарбазы қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews мәліметіне сілтеме жасап.


Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті мыңдаған француз сарбазы қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews мәліметіне сілтеме жасап.

Олар жаңадан салынған "Капрал Ален Мимун" әскери лагерінде орналасады.

"Біздің міндетіміз - олимпиадалық және паралимпиадалық нысандарды қорғау", - деп түсіндіреді әскери қызметшілердің бірі.

Лагерь Олимпиада өтетін орындардан 30 минуттан аз қашықтықта орналасқан, сондықтан әскерилер кез келген уақытта Парижде және оның маңында операция жүргізе алады, делінген материалда.

Мұнда 4500-ге жуық сарбазды орналастыруға болады. Оларға арнайы жатар орын салынған, олардың әрқайсына 15 адам тұра алады.

"Біз осында тұрақтаймыз және келесі екі жарым ай осында тұрамыз", - дейді тағы бір сарбаз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!