Алдағы айларда Париж көшелерінен жағымсыз орындықтар, веложолдарға арналған сары шектеулер және қосымша жол белгілері алынып тасталады. Бұл туралы Европульс жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Мұндай шешімді қалалық әкімдік жергілікті тұрғындармен жүргізілген сауалнамалар мен кеңестерден кейін шығарды. Мысалы, париждіктердің 82 пайызы саңырауқұлақ тәрізді орындықтарды "эстетикалық емес" деп атады.
Сонымен қатар, енді Сена жағалауындағы ескі бетон орындықтар болмайды: олардың орнына "жаңа Париж эстетикасының" рухына сәйкес келетін заманауи дизайны бар жаңа орындықтар қойылады.
Франция астанасының көшелерінен барлығы 800 мыңнан астам "ұсқынсыз" элементтер алынып тасталады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!