Өзбекстанға кіру ережелері қатаңдатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 қаңтардан бастап туристер елге келгеннен кейін COVID-19 үшін жедел тест тапсыруы керек. Ол үшін Өзбекстанның басты әуежайларында медициналық зертханалар ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

15 қаңтардан бастап туристер елге келгеннен кейін COVID-19 үшін жедел тест тапсыруы керек. Ол үшін Өзбекстанның басты әуежайларында медициналық зертханалар ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Мемлекетке бару үшін туристер бірден екі ПТР-тестін жасауы керек. Біріншісі қонуға дейін 48 сағат ішінде, екіншісі әуе айлағының кедендік аймағынан өту үшін керек. Экспресс-тест ақылы, ол үшін өзбек валютасымен 5 доллар төлеу қажет. Студенттерге 50 пайыз жеңілдік беріледі, ал бірінші және екінші топтағы мүгедектер тексеруден тегін өтеді.

Процедураның өзі және нәтижесін алуға 15 минут кетеді. Осыдан кейін турист тексеру нәтижелері бар штрих-код жапсырмасын алады. Ол төлқұжатқа жабыстырылады және әуежайдан шығуға рұқсат ретінде қызмет етеді, әрине, егер тест теріс болса. Олай болмаған жағдайда турист оқшаулауға жіберіледі.

Жедел тестілеудің енгізілуі бүкіл әлемде омикрон штамының таралуына байланысты болды. Өзбек билігі бұл қадам туристік трафикті азайтпады деп санайды, өйткені ұшып келгеннен кейін тексеру барлық жерде қолданылады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная