Өзбекстандық лоукостер Қазақстанға әуе рейстерін ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kun.uz Фото: kun.uz

Өзбекстандық My Freighter (Centrum Air) лоукостері Алматы – Ташкент бағыты бойынша әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстандық My Freighter (Centrum Air) лоукостері Алматы – Ташкент бағыты бойынша әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Өзбекстанның авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) төмен бюджеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.

Осылайша, My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы 2023 жылғы 5 маусымнан бастап А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) Алматы – Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ бәсекелестіктің артуына және авиабилеттер құнының төмендеуіне әсер етеді", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная