Өзбекстанда туристер үшін Tax Free жүйесі пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Өзбекстанның бес қаласының әуежайында туристер үшін Tax Free жүйесін енгізеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Өзбекстанның Мемлекеттік салық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның бес қаласының әуежайында туристер үшін Tax Free жүйесін енгізеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Өзбекстанның Мемлекеттік салық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап эксперимент ретінде Өзбекстанда бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерден жекелеген тауарларды сатып алған шетелдік туристерге Tax Free жүйесі бойынша ҚҚС соммасы қайтарылады", - делінген МСК Telegram-каналында.

Ведомство мәліметінше, туристер ҚҚС-ны сатып алудан кейін үш ай ішінде қайтарып алу үшін рәсімдей алады. Алайда ол үшін Өзбекстан территориясынан халықаралық әуежайлар (Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Ферғана және Үргеніш) арқылы шығу кезінде осы жүйенің операторына бару керек.

Tax Free жүйесіне енетін сатып алынған тауар бағасы кемінде миллион сум (41 779 теңге) болуы тиіс.

"Эксперимент нәтижесінде 2024 жылдан бастап ҚҚС қайтару пунктері барлық халықаралық әуежайларда және вокзалдарда, сондай-ақ Өзбекстанның өткізу пунктерінде енгізіледі", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная