Өзбекстанда бетті жауып тұратын киім үшін айыппұл салынады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: un.org Фото: un.org

Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын орамал тағатындарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын орамал тағатындарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңнамадағы тиісті түзетулерге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды. Түзетулерге сәйкес, медициналық диагноз бойынша бетті тұмшалауға, сондай-ақ, жұмысқа және қызметке байланысты киімдерде ғана ерекшелік болуы мүмкін.

"Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүру 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126-дан 189 мың теңгеге дейін) айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан басқа, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев көп әйел алуды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулерге қол қойған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная