Өзбекстанда 2026 жылы туристік пойыз қатынайды

Люкс санатындағы туристік пойыз Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларын қамтиды. Алайда мұндай бағыттағы пойыз тек 2026 жылдың соңында жүре бастайды. "Өзбекстан темір жолдары" АҚ италиялық Arsenale және Өзбекстанның туризм бойынша мемлекеттік комитеті бірігіп, мемарандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Мұндай келісімге Самарқандта өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас ассамблеясының 25-сессиясында қол қойылды.

Құжатқа сәйкес италиялық компания "люкс" санатындағы пойыздарды құрастырады. Осылайша 2026 жылдың соңында Ташкент - Самарқанд - Бұхара - Хиуа бағытында қатынайтын болады. Мұндай жедел пойыздар Еуропа елдерінде, Сауд Арабиясында және БАӘ-де бар.

Тамызда "Өзбекстан темір жолдары" АҚ өкілдері италиялық Arsenale Group компаниясы Еуропадан Ресей арқылы Қытайға қатынайтын туристік жедел пойызды іске қосу туралы ұсынысты қарастырып жатқандарын мәлімдеген еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!