Өзбекстан билігі елге кіру ережелерін қатаңдатты

22 маусымнан бастап Өзбекстанға келген азаматтар ұшуға дейін жасалған тестің теріс нәтижесі бар анықтамаларға қосымша елге кірген соң COVID-19 анықтайтын ПТР-тестілеуден өтуге міндетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан билігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандың көбеюіне байланысты елге кіретін азаматтарға міндетті ПТР-талдауын қайта енгізді. Оны шекарадан өткеннен кейін жеті күн ішінде жасау керек. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында жазылған. 

Өзбекстанда 15 наурыздан бастап басқа ережелер қолданылған еді. Елге кіруге дейін 72 сағат бұрын тапсырылған тест туралы анықтама жеткілікті болды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!