"Өте қорқынышты болды" - қазақстандық әйел Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақ жайлы

Ресейдің Новосібір облысында иен далаға "Уральских авиалиний" компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Tengritravel.kz тілшісі осы лайнерде болған қазақстандықпен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын білді.

12 қыркүйекте Сочи - Омбы бағытында ұшқан лайнер Новосібір облысы Убинск ауданында техникалық ақауға байланысты ашық жерге апатты жағдайда қонды.

БАҚ мәліметінше, әуекемесі апатты жағдай туралы дыбыстық сигнал берген, содан кейін радардан жоғалып кеткен. Экипаж мүшелері гидравликада ақау пайда болып, тежегіш істен шықты деген қауіп пайда болғанын айтқан. Новосібірге ұшу шешім қабылданған, өйткені ондағы қосымша аэродромда ұшу-қону жолағы ұзынырақ екен. Алайда жарты жолда ұшақтың жанармайы таусылып, соның салдарынан дереу иен далаға қонуға мәжбүр болған.

Бортта 170 адам болған, оның ішінде Павлодар тұрғыны Ольга Мухутдиновда бар.

"Жолдасым екеуіміз Сочиде демалыста болдық, Қазақстанға қайтып келе жаттық. Қонатын кезде өте қорқынышты болды, алайда барлығы жылдам болды. Бізді Убинск ауылындағы Мәдениет үйіне әкелді. Жақсы күтіп алды: шәй, бутербродтар. Барлығы жақсы", - дейді әйел тілшіге берген сұхбатында.

Енді, әйелдің айтуынша, жолаушыларды екі топқа бөледі: бірін Омбыға, екіншілерін Новосібірге.

"Бізге Омбыға жету қажет, сосын ары қарай Павлодарға жүреміз. Бізді микроавтобус күтіп алды, ол да кетіп қалды, енді Омбыға дейін алты сағат жүру керек. Сосын қонақүй іздеп, ертең автобуспен үйге қайтамыз. Егер автобус болмаса, онда сол микроавтобус қайта келеді", - дейді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!