Ресейде ұшақ апатты жағдайда қонды: бортта қазақстандықтар болған

Новосібір облысында "Уральских авиалиний" компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Оның бортында қазақстандықтар болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сочи - Омбы бағытында ұшқан лайнер Убинск ауданында қонды. Нақтыланған мәлімет бойынша бортта 167 адам болған.

Фото © РИА Новости

Алдын ала мәлімет бойынша, әуекемесі апатты жағдай туралы дыбыстық сигнал берген, содан кейін радардан жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша ешкім зардап шеккен жоқ.

Фото © РИА Новости

"Бортта 159 жолаушы болған, оның 23-і бала, 6 экипаж мүшесі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар.

Baza телеграм-каналының мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстанның төрт азаматы болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!