Мексикада ерлі-зайыпты әуе шарымен саяхаттау кезінде тірідей өртеніп кетті, олардың 13 жастағы қызы күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ABC News басылымына сілтеме жасап.
Оқиға туристер арасында танымал Теотиуакан археологиялық аймақтың төбесінде болған. Шар кәрзіңкесінде отбасылық жұп қызымен болған.
Бір кезде әуе шарының кәрзіңкесі өртене бастаған. Портал мәліметінше, өртке оранған адамдар кәрзіңкеден секіріп кеткен. 50 жастағы ер мен 38 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты, ал олардың қызын II және III деңгейдегі күйік шалған. Құлаған кезде қолын сындырып алған, алайда тірі қалды. Қыз бала ауруханаға жеткізілді.
Two people burned alive after being trapped in a hot air balloon in Mexico
— T2TNEWS (@T2T_News) April 2, 2023
The girl with them decided to jump and almost hit the ground. pic.twitter.com/ACQObdsjMU
Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!