Өртке оранған ұшақтан жанармай төгіліп жатқаны видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: depositphotos.com Көрнекі сурет: depositphotos.com

Улан-Удэде (Бурятия Республикасы, Ресей) өртенген ұшақтан жанармай төгілген сәт видеоға түсіп қалды. Видеоны Shot Telegram арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Улан-Удэде (Бурятия Республикасы, Ресей) өртенген ұшақтан жанармай төгілген сәт видеоға түсіп қалды. Видеоны Shot Telegram арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видеода ұшып бара жатқан әуе кемесінен жанармай ағып жатқанын көруге болады. Интернетте тарап кеткен кадрларды оқиға куәгері түсіріп алған.

Дереккөздің хабарлауынша, экипаж диспетчерлерге өрт туралы хабарлаған соң, "Байкал әуежайындағы барлық қызмет жоғары дайындық режиміне қойылған".

"Ұшақ қонғанша ұшу-қону жолағында бірнеше өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем көлігі күтіп тұрды. Ту-204 ұшқыштары жанармайды барынша төгіп, осылайша қону кезіндегі қауіптерді азайтты", - делінген арнаның жазбасында.

Ұшақ аман-есен қонған.

Сондай-ақ, Шығыс Сібір көлік прокуратурасының сайтында оқиға туралы жазба пайда болды. Ту-204 ұшағы Қытайға жүк рейсін жасап жатқан болып шықты.

"2023 жылғы 7 желтоқсанда таңертең Улан-Удэ әуежайында Улан-Удэден Чжанчжоуға жүк рейсін орындаған Aviastar Ту-204 ұшағы көтерілу кезінде сол жақ қозғалтқышы өртеніп, кейін сөндірілді. Ұшақ Улан-Удэ әуежайына аман-есен қонды", - делінген прокуратураның хабарламасында..

Бортта 5 экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шекпеген. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, деп қосты прокуратура.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel