Өрт қонақүйге жақындады: танымал курортта туристер эвакуацияланды

Танымал Закинтос аралындағы грек қонақүйлеріне жақын орналасқан орман өрттерінің салдарынан төтенше жағдайлар қызметі жүздеген демалушыны эвакуациялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Өрт бақылауға алынды, бірақ қауіпті жағдай жойылмады. Себебі Шығыс Жерорта теңізінде аптап ыстық болып тұр.

Грекиялық БАҚ-тың мәліметінше, туристер мен жергілікті тұрғындар Мегалони қаласынан эвакуацияланды. Онда жалын кездейсоқ таралып, қонақтарға толы қонақүйлер мен тұрғын үйлерге қауіп төндіруі мүмкін.

Өрт Аскос орман алқабында басталып, қазіргі уақытта Мегалониге жетті. Өрт сөндірушілер, оның ішінде жер үсті және әуе күштері өртті сөндіруге және адамдарды зардап шеккен аудандардан қауіпсіз жерлерге шығаруға жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін билік тікұшақтар мен бес ұшақты қолданды.

Севейка аймағындағы Агиос Николаос Волимос пен Макрис Ялосты қоса алғанда, Закинтос курорттық аймағының басқа бөліктеріне де қауіп төнуі мүмкін деп хабарланды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!