"Орманға қарай сүйреген". Жергілікті тұрғын Таиландтағы туристі зорламақ болды

Таиланд полициясы орманға тап болып, зорлық-зомбылық құрбанына айнала жаздаған шетелдік туриске қатысты жантүршігерлік істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Pattaya Mail порталына сілтеме жасап.

29 жастағы қытайлық Мэнлин 19 жастағы ағасымен бірге Паттайяда автостоп арқылы саяхаттап жүрген. Оларға мотоциклмен жүрген екі жергілікті тұрғын көмегін ұсынады. Мэнлинді отырғызып алған ер адам жолда тоқтап, оны орманға қарай сүйрей жөнеледі. Діттеген жеріне жеткен соң ол әйелдің қолын байлап тастайды.

Қаскөй шетелдік туристі зорламақ болады. Бірақ белгісіз себептермен арам ойын іске асыра алмаған. Содан кейін мотоцикл жүргізушісі саусақ іздерін жасыру үшін туристің денесіне лосьон жағады. Онымен қоймай әйелдің жан-жағына май құйып, өртеп жібермек болады. Дегенмен ол бұл ойынан да айнып, қашып кетеді.

Қорыққан әйел қолындағы арқанды тұтандырып, жібі үзіле бергенде, босап шығады. Ол бірден ағасына хабарласып, полицейлерді де шақырады. Құқық қорғау органдары жәбірленушіні тас жолдан 400 метр қашықтықта тапты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 70-80 метрге жуық жер өртенгенін анықтады. Енді осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!