Оңтүстік Кореяда қашқан қазақстандықтарға сот үкімі шықты - адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/meirman_shekeyev_halyq_zangeri Фото:instagram.com/meirman_shekeyev_halyq_zangeri

Наурызда депортацияланған Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяда қалу үшін қашып жүрген. Сот оларды босатуға бел буды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Наурызда депортацияланған Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяда қалу үшін қашып жүрген. Сот оларды босатуға бел буды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Екеуіде Кореяда айыппұл төлеп, Отанға қайтады. Олар үш жылдық жазадан құтылды. Кім соңына дейін сыйынды, барлығына рақмет. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ Кореядағы консулдарға ерекше алғыс айтамыз", - деді адвокат Мейірман Шекеев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meirman_shekeyev_halyq_zangeri)

Айта кетейік, 25 наурызда 2002 және 2005 жылғы екі қазақстандық Кореға барған. Алайда құжаттардың дұрыс болмауына байланысты кедендік бақылау қызметкері оларды елге кіргізбей, депортациялау үшін күту залына жіберген. Ер адамдар рейсті күтіп отырып, әуежайдағы ұшу-қону алаңының маңындағы үш метрлік қоршаудан өтіп кеткен.

Кейін қазақстандықтардың бірі Тэджон қаласында дүкенде телефонын қуаттау кезінде ұсталған. Екіншісі ұстап берген адамдарға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден аса) сыйақы тағайындалған еді.

Кейінірек қашқын жігіт Сеулдің көші-қон қызметіне өзі келді. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, алайда оның өзі келуі жазасын жеңілдеткен.

Екеуі де кінәсін мойындап, табыс табуға келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларға заңсыз шекарадан өту және қашу айыптарын таққан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная