Оннан аса елде болған турист әрқайсысының кемшіліктерін тізіп берді

Танымал блогер, TikTok жұлдызы Грейс (@gracietravels) әлемді саяхаттайды. Бір жыл ішінде ол 11 елді аралап көрген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Tour Prom сайтына сілтеме жасап.

Желіде 57 мың қаралым жинаған видеоны юзерлер пайдалы деп таныған. Олар саяхатты жоспарлағанда осы фактілерді ескеретінін айтты. Алайда пікір білдірген басқа адамдар бұл кемшіліктерге көз жұма қарауға болатынын, автордың өзі жас балаша қыңырлығын көрсеткен деп санайды.

@gracietravels BEFORE YOU START ATTACKING ME… i just want to say this is ME BEING REAL with you all ? i am not a creator who will sugarcoat traveling. traveling is NOT all about having positive experiences. you are NOT going to like every single place you visit and that’s normal! you don’t need to. we can all voice our own opinions and i like to use this platform to do so because i can then help those out there who don’t know of such things around the world. ☺️ if your country is mentioned here, PLEASE do not take offense by it. i truly loved each one I visited, each country is so unique and special! but if I had to pick one negative thing from each, that’s what my video holds… and again, I am ALWAYS open to agreements or disagreements so feel free to share in the comment section ??? #traveltiktok #travellife #traveltips #travelblogger #travelfyp #travelbucketlist #travel2023 #wrapped #myopinion #gracietravels ♬ Chill and gentle lo-fi/10 minutes(1455687) - nightbird_bgm
  • Ұлыбритания, оның ішінде астанасы Лондон туристер қаһарына алғаш рет ұшырап отырған ел емес. Грейс бұл елдің басты кемшілігі - жергілікті тұрғындар тарапынан достық қарым-қатынастың сезілмеуінде дейді.
  • Сингапурда көпшілікке танымал Marina Bay Sands қонақүйіне тоқтаған турист, оның көңілінен шықпағанын айтты. Сөзінше, қонақүй өзінің танымалдығына лайық емес. Грейс атап өткендей, кішігірім мемлекетте тамақ пен дүкеннен басқа адам қызығарлық ештеңе жоқ.
  • Жапонияға барған блогер шовинистік көзқарасқа тап болғанын айтады. Турист кейбір жерде шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға деген қарым-қатынастың айырмашылығы бірден байқалатынын жеткізді.

Мұнда тек жапон тілінде қарсы алатын орындар бар. Егер тіл білмесеңіз, сізге менсінбей қарайтынына дайын болыңыз, - деп ескертті ол.

Фото: pexels.com

  • Түркияда турист жергілікті тұрғындардың басым бөлігі темекі шегетінін айтты. Оған мұндай жер ұнамайтынын жасырмады.

"Мен Түркияда барлығы темекі шегеді деп күткен жоқпын. Тіпті такси немесе Uber жүргізушісі көлікте отырып темекі шеге береді", - деп шағымданды ол.

  • Бойжеткен Мысырға сапарын өміріндегі ең нашар деп атады. Ол көптеген алаяқтың туристер арасында емін-еркін жүре беретінін айтып, жағасын ұстады. Айтуынша, ол әмияны мен жеке заттарына алаңдаймын деп дұрыс демала алмаған.
  • Турист Аустралияны ішпыстырарлық жер деп атады. Ол бұл құрлыққа баратын жолды мұқият ойластыруға кеңес берді.

Фото: pexels.com

  • Кенияда Грейс Найробиде орналасқан Giraffe Manor қонақүйіне және жираф қорығына барды. Бұл - туристер жирафтарды таңғы ас кезінде тамақтандыра алатын және суретке түсіретін, сонымен қатар оларды өз бөлмесінің терезесінен бақылай алатын әлемдегі жалғыз орын. Сондай-ақ блогер бұл сапар оған ұнағанын, бірақ адамдардың шектен тыс назары ашуына тигенін атап өтті.
  • Мальдив аралдарында бес жұлдызды қонақүй Грейстің көңілінен шықпаған.

"Біз Ritz Carlton қонақүйінде болдық. Қызмет көрсету сапасы өте төмен", - деді блогер.

  • Тайваньда жергілікті жердегі жол қауіпсіздігі бойжеткеннің наразылығын тудырған.

"Мен жаяу жүргіншілердің дұрыс жүре алмайтынына ашуландым. Көліктің немесе мопедтің астына түсіп кетпесе екен деп уайымдап отырасың", - деді ол.

  • Канада ол үшін "жағымсыз фактілерді табу қиынға соққан" ел болып көрінгенімен, Грейс бір-екеуін атап берді. Ол Ванкувер мен Банфты аралап көрген екен.

Фото: pexels.com

"Банфқа келетін болсақ, мен мұнда жағымсыз дүние таба алмаймын деп ойлаймын. Ванкуверге келер болсақ, қазір онда барлығы заңдастырған. Жалпы қала орталығы - өте нашар", - деп түйіндеді ол.

Блогер туған жері АҚШ-тың да кемшіліктері бар екенін жасырмады. Бірақ атап өтпеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!