"Омикронға" байланысты халықаралық рейстерді толығымен жапқан алғашқы ел "тіркелді", - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Бұл Орталық Африка мемлекеті, атап айтқанда Экваторлық Гвинея болды. Ел коронавирустың жаңа штамына байланысты барлық халықаралық рейсті тоқтатуды шешті.
Жаңа штамға қарсы күрес шаралары аясында 2021 жылдың 6 желтоқсанынан 2022 жылдың 2 қаңтарына дейін әуе қатынасына шектеу қойылды. Шешім эпидемияның дамуына байланысты ұзартылуы мүмкін.
Еске салайық, жаңа штамм бүкіл әлемде түрлі шектеудің енгізілуіне себеп болды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!