Оманға бару үшін не білу керек?

Оманның коронавирус жағдайына байланысты жоғарғы комиссиясы туристердің елге кіруі бойынша жаңа ережелерді бекітті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Times of Oman басылымына сілтеме жасап.

Әуе жолымен келетіндер коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама (жердегі шекара арқылы өтетіндер үшін міндеттеледі, яғни өзгеріссіз қалды) тапсырып әуре болмайды, бірақ келе салысымен әуежайдан шықпай COVID-19 ПТР-тест тапсырады. 

Осы процедурадан өту үшін алдын ала арнайы сайтта тіркелу керек және смартфонға "Tarassud +" қосымшасын жүктеу қажет. Шекарада халықаралық сақтандыру полисін тексереді, онда коронавирус жұқтырған жағдайда емдеу шараларын жабуы керек. 

Тест тапсырған туристер нәтижесі шыққанға дейін алдын ала брондалған қонақүйде немесе аппартаментте оқшауланады, егер нәтижесі теріс болса, ол ары қарай демалысын жалғастырады, алайда елде болу мерзімі екі аптадан аспауы тиіс. Елде кафе, мейрамхана, саябақтар, жаға-жайлар, бассейндер және спа-кешендері ашық. Ал туристік топтар үшін көрнекі жерлерге бару шектеулері алынып тасталды. 

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.