Олимпиада қарсаңында Париждегі қонақүйлер бағасы 314 пайызға өскен

Келесі жылы Олимпиада Парижде өтеді. Оған баруды жоспарлаған саяхатшылар қонақүй бағасының күрт өсуі мен туристік пәтерлерді жалға алу шараларының қатайтылуына байланысты күрделі мәселелерге тап болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Irish Independent газетінің мәліметінше, Париж туристік кеңсесінің есебінде қонақүйлердің бағасы 2023 және 2024 жазғы кезеңдер арасында 314 пайызға дейін қымбаттайды.

Париж мэрінің туризм және түнгі өмір жөніндегі орынбасары Фредерик Оккар: "Біз Ойындардың танымал болғанын қалаймыз, бірақ олар тәулік үшін 700 еуроның арқасында танымал бола алмайды", - деді.

Париждің туристік кеңсесі астаналық қонақүйлерді 26 шілдеден 11 тамызға дейін Олимпиадалық кезеңге арналған брондау платформаларын ашу үшін тым ұзақ күтті деп сынға алды.

"Олимпиада кезінде қонақүйлердің 66 пайызы әлі күнге дейін брондау үшін қолжетімсіз", - делінген хабарламада.

Париж туристік кеңсесінің мәліметінше, қалада қонақүй түнінің құны 2023 жылдың шілдесінде €169 болды және 2024 жылдың шілдесінде 699 еуроға дейін көтеріледі деп күтілуде. Есепте екі жұлдызды қонақүйлер үшін өсімнің 366 пайыз, үш жұлдызды қонақүйлер үшін 475 пайыз болатыны көрсетілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!