Нью-Йорктегі ең биік ғимараттың төбесіне найзағай түсті - видео

Куәгерлер әдемі әрі қорқынышты сәтті видеоға түсіріп алды - Дүниежүзілік сауда орталығының шатырұшына найзағай түскен. Зәулім ғимарат Батыс жартышарындағы ең биік нысан ретінде танылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видео авторларының мәліметінше, найзағай мен ғимарат шатырұшының түйісуі - жиі болады-мыс. AccuWeather метеорологиялық компанияның мәліметінше, 2015-2020 жылдары аралынғында сауда орталығына 189 рет жәй түскен.

Дүниежүзілік сауда орталығы - бұл АҚШ-тағы ғана емес, бүкіл Батыс жарты шардағы ең биік ғимарат. Зәулім ғимарат 2001 жылы 11 қыркүйектегі шабуылдан қираған егіз мұнаралар орналасқан жерде тұрғызылған. Шатырұшымен ғимараттың биіктігі - 541 метр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!