Нью-Йорктегі Рокуэй-бич жағажайы акуланың байқалуынан кейін шомылушылар үшін жабылды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы саябақтар департаменті баспасөз қызметінің маманы Дэн Кастаниске сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта полицейлік авиация әуебақылауын күшейтті, қауіпсіз болған жағдайда біз қайтадан жағажайды ашатын боламыз", - деді Кастанис. Оның айтуынша, бұл жыртқыш балықтардың жағаға жақын келуіне байланысты жабылудың бірінші жағдайы емес.
Кейінгі бірнеше апта ішінде Лонг-Айленд жағалауында акулалар бес адамға шабуыл жасаған. Олардың алған жарақаты өміріне қауіпті емес.
БАҚ мәліметінше, жыртқыштардың Нью-Йорк жағалауына жақын келуінің басты себебі - ыстық ауа райы.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда!