Нью-Йоркте (АҚШ) Гудзон теңізінің үстінен "темірбетон қызғалдақтан" салынған жасанды арал ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ArchDaily сайтына сілтеме жасап.
Жасанды арал Little Island деп аталады. Манхэттенге жақын орналасқан аралдың ауданы шамамен 10 мың шаршы метрді құрайды. Оның дизайны 132 қызғалдақ тәріздес элементтерден тұрады. Кіреберіс 13-ші көше ауданында орналасқан. Онда саябақ, демалуға арналған көгалдар бар, сонымен қатар 700 орындық амфитеатр салынды. Маусымнан бастап Бродвей театрларының актерлері мұнда концерт өткізе бастауды жоспарлап отыр.
©REUTERS
Little Island аралын MNLA ландшафт сәулет фирмасымен бірге Heatherwick Studio жасаған. Жобаны америкалық миллиардер Барри Диллер қаржыландырды. Оның айтуынша, инвестор саябақтың құрылысына 260 миллион доллардан аса қаражат салған.
©REUTERS
Аралдың құрылысы 2018 жылы басталып, келушілер үшін өткен аптада ашылды. Саябаққа кіру тегін.
©REUTERS
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!