Нотр-Дамдағы өрттен кейін алғашқы концерт өтті

Бір жарым жыл бұрын өрт болған Париж Құдай аналарының соборында алғашқы хор концерт өтті, - деп хабарлайды Reuters

Концертте 20 әнші, 2 солист пен органшы өнер көрсетті. Олар соборда әлі де жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан құрылыс каскалары мен комбенизон киіп шықты. Шіркеу музыканттарының концерті теледидар арқылы трансляцияланды. 

Хор мүшелері Моцарт пен Шуберттің шығармаларын және мерекелік әндерді орындаған. 

"Өте әсерлі болды. Өрттен кейін бірінші рет кіріп отырмыз. Эмоцияға толы сәт болды", - дейді виолончельші Готье Капюкон. 

Еске салайық, 2019 жылы 15 сәуірде Париж - құдай аналарының соборындағы өрт болды. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлаған болатын. Собордың көтергіші өртке оранған. Бұл өртке 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылған. Олар алапат өртпен тоғыз сағат арпалысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!