Норвегиялық Widerøe әуекомпаниясы өзінің мерейтойына байланысты ерекше акцияны іске қосты - Норвегияның 90 жастағы азаматтары аталған компания ұшақтарымен діттеген жеріне тегін ұша алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Скандинавиялық әуекомпания биыл 90 жылдық мерейтойын тойлайды. Оның ішкі рейстері өте көп және күнделікті ұшулар да аз емес.
Widerøe компаниясы 1934 жылы 19 ақпанда құрылды, оның алғашқы рейсі сол жылы 18 маусымда ұшты.
Акцияны қолдау мақсатында компания жарнама ролик түсіріп, оны "Қарттар үйінен қашу" деп атады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!