Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: тек ұшқыш аман қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Х/@TheMorningLK Фото: Х/@TheMorningLK

24 шілдеде Катмандуда Saurya Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

24 шілдеде Катмандуда Saurya Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Katmandupost порталы мәліметінше, ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 19 адам болған.

Мәлімет бойынша, әуе кемесі аспанға көтерілу кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ ҰҚЖ-ның оңтүстік шетінен ұшып, кенеттен аударылып, қанатының ұшы жерге тиген. Осыдан кейін борт бірден өртеніп, ҰҚЖ-ның шығыс жағындағы шатқалға - Buddha Air Ангары мен радиолокациялық станция арасына құлаған.

Қазіргі уақытта апат болған жерден 18 адамның мәйіті табылды, ұшқыш тірі қалды және ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы мен апаттан алған жарақаттары туралы мәлімет жоқ.

Оқиға орнында полиция мен өртсөндірушілер құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная