Неліктен түске дейін ұшатын рейстерді таңдау керек? Мамандар түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Неліктен түстен кейін ұшатын рейстерге брондау дұрыс емес? Әуе саласының мамандары бірнеше себебін атады, әсіресе жүйкесі тозған туристерге мұндай қадамға баруға болмайды екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Неліктен түстен кейін ұшатын рейстерге брондау дұрыс емес? Әуе саласының мамандары бірнеше себебін атады, әсіресе жүйкесі тозған туристерге мұндай қадамға баруға болмайды екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап.

Ұшқыш Джерри Джонсон бірінші кезекте ұшудан қорқатын туристерге түс ауа ұшудан барынша алшақ болуға кеңес береді, өйткені таңғы уақытқа қарағанда бұл уақытта турбулент қатты болады. Ауа температурасының басқаша болуына байланысты күндіз "сілкілеу" айтарлықтай сезіледі. Сонымен қатар, маманның айтуынша, күннің екінші жартысында найзағай болу көбірек ықтимал.

Екінші себебі, күндізгі рейстер таңғы рейстерге қарағанда жиі кешігеді екен. Бұл туралы Airliner World бас редакторы Гордон Смит мәлімдеді.

"Күтпеген жағдайлар болмас үшін таңғы рейстерді таңдаған дұрыс", - деп кеңес береді Гордон Смит.

"Кешкі ұшулар ыңғайлы болып көрінуі мүмкін. Ұшақтардың көбісі әсіресе шағын ұшақтарда - лоукостерде ұшу мен қону аралығына небары жарты сағат беріледі", - дейді ол.

Маман рейс уақыты кеш болған сайын, кешігу тәуекелі көбірек екенін айтады.

Оның бұл пікірін ұлыбританиялық сараптама растады - олардың талдауы бойынша, 15:00-ден кейін ұшатын рейстердің кешігу көрсеткіші екі есе екен.

FlightRadar24 мәліметінше, ұшуға ең жақсы уақыт (былтыр жазда аз кешіккен рейстер уақыты) 11:00 мен 12:00. Рейстердің небары 0,75 пайызы осы уақытта кешіккен не ұшпай қалған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная