Хургадада туристерді дайвингпен айналысуға қолайлы аймаққа апара жатқан кеме суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mogaz Masr басылымына сілтеме жасап.
Катердің бортында 16 турист және капитан болған. Кеме суға кете бастағанда дабыл сигналы берілген.
Жақын маңда жүрген қайықтар оқиға орнына жетіп, адамдарды судан шығарып алған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Осы оқиғаға қатысты құзырлы органдар тергеу бастаған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!