Мысырда Туризм және көне заман министрілігі енгізген жаңа классификациялық талаптардан кейін қонақүйлердің "жұлдыздары" жаппай төмендеді, - деп хабарлайды Profi.travel.
Жалпы инспекция барысында 247 нысанды тексеру көзделген, оның ішінде 91 қонақүй Қызыл теңіз (Марса-Алам, Аль-Кусейр және Сафага) аймағында, 66 нысан Оңтүстік Синайда, оның ішінде Дахаб, Табу және Нувейба, сондай-ақ Айн-Сохне, Рас-Сидр, Матрух және Рас-эль-Бар қонақүйлері бар.
Оңтүстік Синайдағы тексеру аяқталды, соның нәтижесінде көптеген нысанның "жұлдызы" төмендеді.
Министрлік мәліметінше, Шарм-эль-Шейхте бес жұлдызды тек бес қонақүй сақтап қалды: Four Seasons Sharm el Sheikh, Rixos Seagate, Steigenberger Alcazar, Albatros Laguna Vista Beach Resort және SUNRISE Diamond Beach Resort. Қалған қонақүйлер "төрттікке" түссе де, олардың 15 қазанға дейін дұрысталып, қайталама тексеруден өтуіне мүмкіндік бар. Ведомство өкілінің мәліметінше, 118 қонақүйге дұрысталуға уақыт берілген.
Соған қарамастан "жұлдызы" төмендегенімен, қонақүйлердің маркетинг саясатына қатты әсер етпейді екен.
"Қонақүйлер небары бес жұлдызын кіреберісте іле алмайды, алайда туроператорлар жүйесінде, брондау сайттарында және басқа каналдарда ештеңе өзгермейді, сондай-ақ бағасы да өзгеріссіз қалады", - дейді Nefer Tours&Cruises туроператорының директоры Галина Горелова.