Мысырлық дайвер әлемдік рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© egyptindependent.com © egyptindependent.com

Мысырлық дайвер Саддам әл-Килани әлемдік рекорд орнатты, ол Қызыл теңізде 143 сағаттан аса уақыт бойы су астында болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Еgyptindependent.com басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мысырлық дайвер Саддам әл-Килани әлемдік рекорд орнатты, ол Қызыл теңізде 143 сағаттан аса уақыт бойы су астында болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Еgyptindependent.com басылымына сілтеме жасап. 

29 жастағы жігіт әріптестерінің, жанкүйерлерінің және өзі тұратын Дахаб қаласының тұрғындарының қуанышына орай Гиннестер рекорды кітабына енетін болады.  

Килани су астындағы саяхатын 5 қарашада бастаған. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Ресми БАҚ өкілдері болмағанына қарамастан, Дахаб қаласының жүздеген тұрғындары, туристер және дайверлер Киланидің теңіз түбінен шыққанын күтіп тұрды. 

Килани дайвинг бойынша әлемдік рекорд орнату үшін ұзақ жылдар бойы дайындалған. Ол Мысыр аумағынан бөлек жерде су түбіне түсуден бас тартқан, ол арманына өз елінде жеткісі келген. 

Дайвер алты күн бойы теңіз түбінде болған, оның көмекшілері және медициналық бригада онымен бірге осы уақытты өткізді. 

Килани басқа да спорт түрлерімен айналысады. Қыркүйекте ол болашақ қалыңдығына су астында үйлену ұсынысын жасап, газеттердің басты жаңалығына шыққан екен. 

Саддам әл-Килани. Сурет facebook желісіндегі парақшасынан

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная