Мысырға тур бағасы қашан күрт төмендейтіні айтылды

Саяхатшылар шілденің ортасынан бастап Мысырға тур бағасының 20-30 пайыз төмендеуін күте алады. Себебі бұл уақытта Мысырда күн қатты ысып, төмен маусым болып саналады.

Сондай-ақ, акулалар туристерді қорқытпаған. Мұндай деректі "Газете.ру" басылымы туристік саладағы дереккөзге сілтеме жасап жазады.

"Мәселе мынада, шілденің ортасынан қыркүйектің ортасына дейін Мысырда өте ыстық болады, күндіз 40 градусқа дейін көтеріледі және жел болмайды. Мұндай ауа райы көбіне ұнай бермейді. Сондықтан осы күндерге билеттер 25-30 пайызға арзандайды", - деді басылымның дереккөздері.

Бірақ Хургададағы акулалардың шабуылы туралы ақпарат, олардың мәліметінше, сұранысқа әсер еткен жоқ.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!