Мысырдағы медуза маусымы қалай өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Мысырға әуе тасымалы ашылғаннан кейін Қызыл теңізге демалуға барғысы келетіндер көбейеді. Алайда оларды медузалар алаңдатады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырға әуе тасымалы ашылғаннан кейін Қызыл теңізге демалуға барғысы келетіндер көбейеді. Алайда оларды медузалар алаңдатады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қызыл теңіз курорттарында улы медузалар жоқ.

Мұнда медузаның ең көп таралған түрі – Amelia aurita. Бұл нәзік тіршілік диск тәрізді және ерекше күлгін түсте. Медуза агрессивті емес және адамдарға шабуыл жасамайды. Жай ғана қолшатырын қысып, ағынмен жүреді. Оның денесінде улы зат шығаратын нематоцистер (қоздырғыш жасушалар) орналасқан. Нематоцистердің көмегімен медуза планктон және ұсақ балықтармен қоректене алады.

Amelia aurita адамдарға қауіп төндірмейді. Онымен байланыс нәтижесінде адам жеңіл күйік алуы мүмкін, оның салдары бірнеше сағаттан кейін өтеді.

Демалушылар Амелияға көп мөлшерде тап болуы мүмкін кезең көктем айларына сәйкес келеді. Әдетте, бұл наурыздың ортасынан мамырдың басына дейін, теңіз суының температурасы +25°C-қа жеткенде және медузада жұптасу маусымы басталады. Бұл уақытта оларды жағалауда көп мөлшерде кездестіруге болады, сол кезде олар демалушыларға қолайсыздық тудырады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная