Мысырда "ұзақ мерзімді маусымдық депрессия" болжанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pixabay.com Фото pixabay.com

"Ұзақ мерзімді маусымдық депрессия" жақын арада Мысырдағы, соның ішінде курорттардағы ауа райын анықтайды. Бұл туралы мысырлық БАҚ-қа елдегі Метеорология бас дирекциясының медиа орталығының мүшесі Манар Ганем мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Ұзақ мерзімді маусымдық депрессия" жақын арада Мысырдағы, соның ішінде курорттардағы ауа райын анықтайды. Бұл туралы мысырлық БАҚ-қа елдегі Метеорология бас дирекциясының медиа орталығының мүшесі Манар Ганем мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Ұзақ мерзімді маусымдық депрессия" - бұл атмосфералық қысымның төмендеуі. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ауа райы Үндістаннан Мысырға жақындап келеді. Бұл күн ішінде ылғалдылықтың едәуір жоғарылауына әкеледі.

Сонымен қатар кешкі уақытта Мысырдың бүкіл аумағында қатты желдің пайда болуына әкеледі. Бұл, бір жағынан, туристерді салқындатады, ал екінші жағынан, Қызыл теңізде жоғары толқындар пайда болады. Сөйтіп, теңіз экскурсиялары мен демалыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Осы аптада Шарм-Эль-Шейхте +37...+38 градус дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Түнде +29 градустан төмен болмайды. Туристерге күннің қызуы туралы ескертіледі.

Хургадада күндіз +35...+ 36 шамасында, түнде + 29. Қызыл теңіздегі су +29 градусқа дейін қызады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная