Мысырдың негізгі туристік нысандарында Wi-Fi тегін болады. Интернет әлеуметтік желіге кіруден басқа тағы қандай жайлылық сыйлайтынын АТОР сайты жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Мысырда туристерге барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін туристік қызметтерді кеңейту жалғасып жатыр. 30 археологиялық ескерткіш пен музейде, соның ішінде Гиза пирамидалары, Каирдегі музей, Луксор храмдарында осы жылдың соңына дейін Интернет ақысыз қолжетімді болады.
Елдің Туризм министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік орган барлық туристік нысанда Wi-Fi қызметін ұсынуға тырысады, сондықтан туристер әлеуметтік желілерде суреттер мен видеоларды онлайн режимде жариялауға, онлайн-трансляция жүргізуге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, интернет билеттер мен басқа да сатып алуларды банк картасымен төлеуге мүмкіндік береді. Тақтайшалардағы QR-кодтарды сканерлеу арқылы ескерткіштер мен музей артефактілері туралы ақпаратты өз бетінше зерделеуге болады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!