Жақында Хургада жағажайларында және Қызыл теңіз провинциясында мотоциклмен жүруге тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Аймақ билігі ресми тыйым салуды дайындап, туристердің танымал ойын-сауығын "қауіпті және өлімге әкелетін" деп атады.
Тиісті шешімді Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Амр Ханафи ұсынған. Ол "провинцияның әртүрлі қаласында азаматтар мен туристердің өмірін сақтау үшін алдын ала қадам ретінде "реактивті шаңғыларды" пайдалануға тыйым салуды қарастырды. Губернатордың айтуынша, бұл аттракцион "апатқа әкеледі". Сонымен қатар, курорттық провинция басшысы шешім 2010 жылдан бері әзірленіп келеді, бірақ жақында іске қосылатынын атап өтті.
"Мен барлық мүдделі органға шешімді тез арада іске қосып, батыл әрекет етуге нұсқау бердім. Ықпал ету шарасы ретінде осы көлік құралын тәркілеу арқылы айыппұл салынады", - деп толықтырды губернатор.
Мысырдың қонақүй кәсіпорындары палатасын басқарушы комитеттің төрағасы Алаа Акель елдің көптеген жағажайында реактивті шаңғыларды қолдануға "өлімге әкелетін апаттарға байланысты" рұқсат етілмегенін атап өтті. Оның айтуынша, гидроциклдер оларды басқаратын туристер үшін де, сирек шомылушылар мен сүңгуірлер үшін де қауіпті.
"Бұл тыйым Мысырдағы туристік қызметке әсер етпейді. Туристер мұндай аттракциондар үшін келмейді", - деп сендірді шенеунік.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!