Мысырда туристер үшін он мың қонақүй бөлмесі ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Мысырдың курорттық қонақүйлерінің жүктемесі 2021 жылы төмен болады. Дегенмен үкімет тағы он мың жаңа бөлмені нарыққа шығуға дайындап жатыр. Бұл туралы АТОР басылымы республиканың Туризм министрлігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың курорттық қонақүйлерінің жүктемесі 2021 жылы төмен болады. Дегенмен үкімет тағы он мың жаңа бөлмені нарыққа шығуға дайындап жатыр. Бұл туралы АТОР басылымы республиканың Туризм министрлігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Қызыл және Жерорта теңіздерінің жағалауында, Каир мен Луксорда жаңа қонақүйлер ашылады. Ведомствоның мәліметінше, қазір инвесторлар төрт мың қонақүй бөлмесінің құрылысын аяқтады. Пандемияға байланысты олардың ашылуы кейінге қалдырылған.

Жергілікті компаниялардың мәліметінше, "төрт және бес жұлдызды" қонақүйлер, мысалы, Хургадада салынып жатқандар, негізінен, Германия нарығына бағытталған.

Шарм-эш-Шейхте жаңа қонақүйлер ТМД және Шығыс Еуропа елдерінен келетін туристерге бағытталып салынып жатыр және "барлығы қосылған" сервисі бар қонақүйге сәйкес келеді. Олардың аумағы үлкен, бірнеше бассейні, бар мен мейрамханасы, анимациялық алаңы және жеке жағажайы бар.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная