Мысырда туризмнің тағы бір түрі белсенді дами бастады. Жексенбі таңертең Луксордан батысқа қарай Курна аймағында 25 әуе шары ұшты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.
Луксордан батысқа қарай әуе шарларымен ұшатын компаниялар федерациясының жергілікті БАҚ-қа берген мәліметінше, осы әуе шарларында түрлі ұлттан 600-ге жуық турист ұшқан.
Негізінен, туризмнің бұл түрі еуропалықтар арасында танымал – Испания мен Франциядан рейстер Луксор халықаралық әуежайына келеді. Туристердің басты мақсаты – түрлі туристік орындар мен перғауындардың ескерткіштерін аралау. Жақында Луксордағы экскурсиялық демалыс 25 қарашада Луксор мен Карнак арасындағы Сфикс аллеясының керемет ашылуымен жарнамаланғанын еске салайық.
Сондай-ақ, Луксор – Хургада біріктірілген турларын Швейцариядан келген туристер жаңартты. Бұл он жылдық үзілістен кейінгі алғашқы сапар болды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!