Мысырда Таяу Шығыс бойынша ең ірі аквапарк ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Өткен жұмада Мысырдың басты курорты - Хургада қаласында Таяу Шығыстағы ең ірі аквапарк алғашқы келушілерін қабылдады. Never Land City аквапаркінің аумағында қонқүй нөмірлері, сондай-ақ мейрамханалар мен туристерге қажетті көңіл көтеру орталықтары қарастырылған. Жергілікті шенеуніктер жаңа кешен Мысырға туристерді тартады деп үміттенеді.

Иконка комментария блок соц сети

Мысырлық БАҚ мәліметінше, аквапарктің салтанатты ашылу рәсіміне елдің туризм және көне заман министрі Ахмед Исса, Қызыл теңіз губернаторы Омар Ханафи және Туризмге инвестиция ассоциациясының президенті Камель Абу Али қатысқан. Ассоциация президентінің айтуынша, бұл жоба биылғы инвестицияның ең маңыздың болған.

Аквапарк құрамына "Еуропадағы ең үздік су ойындары" номинациясын кейінгі тоғыз жыл бойы алып келген "Корольдік кобра" (Мысырда алғаш рет) әткеншегі және көптеген балаларға арналған су әткеншектері кіреді. Сондай-ақ, аквапаркте "туристік қала", қонқүй нөмірлері, үлкен театр, сонымен қатар түрлі дүкендер мен мейрамханалар бар.

Шенеуніктер осы аквапарктің Хургаданы жаһандық туристік бағыт ретінде танымал етіп, бәсекелестерін шаң қаптырып кететініне сенімді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная