Мысыр билігі ел аумағында фото және видео түсірілім жасаудың жаңа ережелерін бекітті. Өзгерістер туралы Al Arabiya телеарнасы хабарлады.
Мысырдың министрлер кабинеті ресми түрде түрлі фотоқұрылғыларымен фото және видео түсірілімді тегін жүргізуге рұқсат берді. Соған қарамастан, кәсіби жарық шамдарын арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, балаларды және жергілікті тұрғындарды қағаз жүзінде рұқсат бермейінше фотоға не видеоға түсіруге және оны жариялауға тыйым салынады. Сондай-ақ "ел абыройына нұқсан келтіретін сценаларды" түсіруге және жариялауға болмайды.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!