Мысырда ондаған турист мінген катер суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырдың Хургада қаласының маңында 26 туристі (арасында шетелдіктер де бар) мінгізген катер суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың Хургада қаласының маңында 26 туристі (арасында шетелдіктер де бар) мінгізген катер суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мысырлық Cairo24 басылымының мәліметінше, туристік катер Қызыл теңіздің солтүстік бөлігіне жүзген. Кеменің суға кетуіне түбінің тесілуі мен жел әсер еткен. Кеме қозғалтқышы істен шығып, толқын қайықты шайқап, ақыры суға кетті.

Катерде әртүрлі ұлт өкілдерінен 26 турист, 8 экипаж мүшесі және үш дайвинг инструкторлары болған. Арасында қазақстандықтардың бар-жоғы белгісіз.

Катер капитаны апат туралы ескертіп үлгерген, жағалау күзеті дереу көмекке келген. Адамдар эвакуацияланды. Соған қарамастан алты адам әр түрлі жарақат алған - оларды ауруханаға жеткізді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная