Мысырда миллиард долларлық музей ашылады

Grand Egyptian Museum ашылуы 2023 жылға қалдырылды, - деп хабарлайды АТОР.

Соған қарамастан музей ресми ашылуға дейін алғашқы қонақтарын қабылдайды: кішігірім топтар және кейбір ресми және мәдени шаралардың қатысушылары кіре алады.

Grand Egyptian Museum Гиза пирамидасынан екі шақырым жерде орналасқан. Музей кешені - 500 000 шаршы метр. Мұнда ең ірі әрі ежелгімысырлық көне заман коллекцияларын (100 мыңнан аса экспонаттарды, оның ішінде бұрын соңды көрмеге шығарылмаған заттар бар) көруге болады.

Негізгі алты галереядан бөлек, жаңа кешенде уақытша екі көрме залы, балалар музейі, кітапхана, кинотеатр, бал өткізу залы, конференц-орталық, әкімшілік кеңістік, мейрамхана мен кафелер, дүкендер және 110 000 квадрат метр бақ орналасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Grand Egyptian Museum (@grandegyptianmuseums)

Музейдің басты мақтанышы - перғауын Тутанхамон мазарынан 5 000-ға жуық заттар, олар 1922 жылы Говард Картер тапқаннан кейін алғаш рет көрсетілмек. Алтын бетперделер, саркофагтар, алтын кереует пен екі дөңгелекті күйме арба, інжуден жасалған әшекейлер, бағалы тастар: перғауын байлығы осылайша алғаш рет көрсетіледі.

Сондай-ақ, GEM көрмеге ана өмірге адам рухтарын тасымалдайтын Хуфу перғауынға тиесілі күн ладьясын көрсетпек. Оның ұзындығы - 42 метр, жасы - 4 600 жыл. Бұл әлемдегі ағаштан жасалған ең ірі кеме.

Айта кетейік, Grand Egyptian Museum алғашқы сметалық құрылысы 550 миллион долларға бағаланған. Алайда елдегі революциялық өзгерістерге байланысты жобаның құны екі есе өсіп, 1 миллион долларға жеткен.