Мысырдың министрлер кабинеті республиканың қонақүйлері мен ойын-сауық орындарының толу нормасын қайта қарап, оны төрттен бірге арттырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.
Тиісті қаулы 6 шілдеде премьер-министр Мұстафа Мадбулидің төрағалығымен өткен үкімет отырысында қабылданды. Құжат мәтініне сәйкес, қонақүйлер, дәмханалар, мейрамханалар мен кинотеатрларға жалпы орындардың 50 пайыздан 70 пайызға дейін толтыруға рұқсат етіледі.
Мысырдың туризм министрі Халед Әл-Ананидің айтуынша, коронавирустың алдын-алу бойынша бірқатар шараларды енгізгеннен кейін шектеулерді кезең-кезеңімен алып тасталды. Мысалы, бұған дейін Мысырдағы қонақүй қызметкерлерін вакцинациялау бағдарламасы басталды және эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін қонақүй секторын мұқият бақылау ұйымдастырылды.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!