Мысыр туристер үшін екі көрікті орынды қайта ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мысыр билігі туристер үшін екі археологиялық орын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Тourprom.ru порталы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мысыр билігі туристер үшін екі археологиялық орын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Тourprom.ru порталы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Туристер үшін Луксор мен Карнак ғибадатханалары арасындағы сфинкс аллеясы, сондай-ақ Үлкен Каирдің солтүстігіндегі Шубра аймағындағы Мұхаммед Әли сарайы және сарай алдындағы туристік айлақ қолжетімді болады.

Көрнекті орындар саяхатшылар үшін 2021 жылдың соңында ашылады.

Елдің туризм министрі Халед Әл-Ананидің айтуынша, ежелгі ескерткіштердің ашылуы "коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыстан зардап шеккен Жоғарғы Мысыр провинцияларында мәдени туризмді ынталандыруға" бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мысырдың ежелгі көрікті жерлерінің бірі - Саккара пирамидасындағы перғауын Джосердің 4700 жылдық оңтүстік қабірі туристер үшін қайта ашылатыны белгілі болды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная