Мысыр синоптиктері 46 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мысыр метеорологтары елге кем дегенде екі аптаға созылатын қалыпты ыстық жақындап келе жатқанын ескертті. Бұл туралы РИА Новости елдің Метеорология бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мысыр метеорологтары елге кем дегенде екі аптаға созылатын қалыпты ыстық жақындап келе жатқанын ескертті. Бұл туралы РИА Новости елдің Метеорология бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Шығыс Жерорта теңізінің бүкіл аймағында өте жоғары температура байқалды. Олар Түркияда орман өрті соның салдарынан болып тұрғанын атап өтті. Мысырдың өзінде температура 40 градустан асады.

Бір апта ішінде Каирде 40-44 градусқа дейін, Шарм-эш-Шейхте — 42-44 градусқа дейін, ал туристер арасында танымал Асуан мен Луксор қалалары орналасқан елдің оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Сонымен қатар, елордада ауаның ылғалдылығы 85 пайызға, ал Синайдың оңтүстігінде 60 пайызға жетуі мүмкін.

Жылу толқыны елде екі аптаға созылатыны атап өтілді. Метеорологтар күн сәулесінің астында ұзақ қалмауға кеңес береді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная