Мысыр жағалауынан Түркия курортына улы балық жүзіп келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/ArtificialArtist © pixabay.com/ArtificialArtist

Түркияда ауа температурасының 40 градусқа дейін ысуы салдарынан курорттық аймақтарда үлкен мәселе туындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда ауа температурасының 40 градусқа дейін ысуы салдарынан курорттық аймақтарда үлкен мәселе туындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қызыл теңізді мекендейтін шар тәрізді немесе фугу деп аталатын балықтар Египет жағалауларын тастап, Жерорта теңізіне қоныстана бастаған. Көпшілік біле бермейтін балықтың бұл түрі, тіпті, Стамбұл мен Измирде де кездесіп жатқан көрінеді. Бұдан бөлек Эгей мен Мәрмәр теңіздері жағалауларынан табыла бастаған.

Бұған дейін 2022 жылдың жазында Анталияда фугу балықтары жаппай жайлап жатқаны туралы хабарланған болатын. Теңіз температурасының жоғарылауы салдарынан олар сонау Үнді мұхитынан Мысырдағы Қызыл теңізді кесіп өтіп, Жерорта теңізіне дейін ұзақ сапар жасауға мәжбүр болған. Бірнеше жыл қатарынан теңізде ыстық ауа температурасының сақталуына байланысты балықтар Түркияның курорттық жағалауларында тұрақтап қалған.

Түркиялық T24 басылымы мәліметінше, фугу балықтарын аулауға мемлекеттен аз қаражат бөлінгендіктен, балықшылардың оларды аулауға онша құлшынысы болмаған. Сөйтіп қазір теңіздегі балықтардың саны күн санап артып келе жатыр.

Сондықтан бұрын балықтар туристерге аса қауіп төндірмейді деп саналса, қазір түріктер міндетті түрде улы балықтардың бар екенін айтып, ескерту жасап отырады.

Айта кетейік, шар тәрізді балықтар өте улы сүтқоректілер қатарына жатады. Сондықтан оларды жеуге, ұстауға болмайды. Себебі жарақат алу қаупі бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная