Мысыр билігі туристерге арналған демалыс ережелерін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мысыр билігі туроператорлар үшін елдегі "туризмді қалпына келтіруге байланысты ережелердің" соңғы нұсқасын жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мысыр билігі туроператорлар үшін елдегі "туризмді қалпына келтіруге байланысты ережелердің" соңғы нұсқасын жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

Мысырдың Туризмді дамыту жөніндегі басқармасының құжатында республикаға келгендердің бәрі ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей тапсырылған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті делінген.

Шарм-эш-Шейх, Табы, Хургада, Марс-Алам және Луксор әуежайларына келген туристер жергілікті жерде талдау жасай алады. Оның құны - қолма-қол төлегенде 30 доллар.

Осыдан кейін саяхатшылар қонақүйге барады. Егер тест нәтижесі оң болса, онда олар тұру және тамақтану шығындарын өздері өтей отырып, бөлек нөмірлерге орналастырылады.

Ережеге сәйкес, демалушыларды қабылдайтын әрбір қонақүй ауруды жеңіл өткеріп жатқан туристерге бөлек бір қабат бөлуі керек. Ал ауыр жағдайдағы туристер ауруханаға жатқызылады. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектер мен емдеу шығындарын жабады.

Жұқтырғандармен байланыста болғандар медициналық тексеруден тегін өтіп, карантин аяқталғанға дейін қосымша шығындарсыз қонақүйде бола алады.

Сондай-ақ, құжатта демалушылар ұшақ бортында, әуежайда, трансфер кезінде және музейлердегі экскурсияларда, сондай-ақ қонақүйде лифтпен жүру кезінде бетперде кию керек.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная