Мысыр билігі шетелдік туристер үшін пирамидаларды тамашалау құнын өсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/soupysquirrel © pixabay.com/soupysquirrel

Мысырда көптеген мұражай мен археологиялық мұражайға кіру билеті қымбаттайды. Жергілікті Masrawy басылымының мәліметінше, билет құнын қымбаттату екі кезеңмен жүреді: 1 мамыр және 1 маусымда, бағаның өсуі - 1,3–1,5 есе болады. Атап айтқанда Луксордағы Патшалар мен патшайымдар зиратханасын көру құны бүгінгі күні-ақ өсіп кетіпті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Тек Хургада мен Шарм-әл-Шейхте ғана бағалар сол күйі, бір шетелдік туриске 200 фунт.

Мысырдың туризм министрлігі мұны ел валютасының құнсыздануымен түсіндіріп отыр. Ал кіріс артефакттарды қалыпқа келтіруге, жаңа мұражайлар салуға және туристерге ұсынылатын қызмет сапасын арттыруға жұмсалады.

Көне мұралар ісі бойынша кеңестің бас хатшысы Мустафа Вазири жаңа бағалар шетелдік азаматтарға ғана қатысты екенін нақтылап өтті. Ал жергілікті халық үшін баға әдеттегідей айтарлықтай төмен болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная